Атырау, 20 наурыз 14:39
 ашықВ Атырау +9
$ 460.79
€ 490.51
₽ 6.02

Ұры құрыққа түсті

1 599 просмотра

13-17 мамыр аралығында облыс бойынша «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Г.МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, операцияға 900-ге жуық полиция қызметкерлері қатысты. Алғашқы үш күннің өзінде көші-қон полициясы 540 шетелдік азаматтардың заңсыз елде болу ережелерін және 34 шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзу фактілерін анықтады. 500-ден аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ҚІІБ-нің көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-ның 175-бабы (ұрлық) бойынша іздеу салынған 23 жасар қылмыскерді ұстады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.