Атырауда қоғам қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қарсы ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған 8 азаматтың ісін қарау басталды.
Кеше, 21 мамырда Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы - «Терроризм», 252-ші - «Қаруды заңсыз дайындау», 251-ші - «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, қопарғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе тасу», 179-шы - «Қарақшылық», 185-ші - «Ұрлық жасау мақсатынсыз заңсыз көлікті немесе басқа көлік құралын иелену», 96-шы - «Адам өлтіру», 125-ші - «Адам ұрлау», 363-ші «Қылмысты жасыру» және 364-ші «Қылмыс туралы мәлімет бермеу» деген ауыр баптары бойынша айыпталып отырған тұлғалар тобына қатысты қаралып жатқан қылмыстық істер туралы хабарлама таратты.
Таң қаларлығы сол, қылмыстық іске қатысты қандай да болмасын алдын-ала ақпарат болмай отыр: осы сегіз тұлғаны ұстау уақыты, орны, негізі және осы адамдардың өздері туралы ешқандай мәлімет жоқ. Процесс жабық режимде өтуде.
Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВсұрастырылған мәліметтерді ұсына алмады:
– Анағұрлым толық ақпарат үкім жарияланғаннан кейін ұсынылатын болады, – деді ол телефон арқылы.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА