Атырау, 23 қараша 08:51
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

А.Атамбаев В.Жириновскийдің Қырғызстанға келуіне тыйым салуды қолдамайды

2 244 просмотра

Президент Алмазбек Атамбаев РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Владимир Жириновскийге Қырғызстанға келуге тыйым салудың еш қажеттілігі жоқ деп санайды. Бұл жөнінде Атамбаев ТМД елдері, Балтия және Грузия Бас редакторлар клубының Бішкектегі кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Жириновскийдің айтқандарында балағат сөз жоқ. Оның ойы, қарызды төлеу керек дегенді білдірді. Әрине, әдеттегідей тым қатты кеткен де болар. Бұл, түймедейді түйедей ететін жағдай», – деді мемлекет басшысы.

«Оның сөздерінен депутаттың Қырғызстан мен Ыстықкөлді жақсы көретінін түсінуге болады. Екі ел парламенттерінің арасында қиындық туындатпай, бұл сөздерді тыңдап, жай ғана күліп қоя салуға болар еді», – деді Атамбаев.

Еске сала кетсек, Қырғызстан Парламентінде РФ Мемлекеттік думасының депутаты, РЛДП көшбасшысы Владимир Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп жариялап, елдің Сыртқы істер министрлігіне оны республика аумағына кіргізбеу туралы мәселені қаралған болатын. Жоғарғы Кеңеш депутаттары мәжілісте осындай қаулы қабылдаған.

2013 жылы 16 сәуірде Мемлекеттік думаның қарызды реттеу туралы келісімді талқылау кезінде ЛДПР жетекшісі Жириновскийдің айтқан сөздері қырғыз ағайындардың әжептеуір наразылығын туғызды.

Оған салсақ, сайлау науқаны кезінде Қырғызстан президенттігіне кейбір үміткерлер алдын ала Ресейге «тұтас облысты» беремін деп (егер Ресей тарапы билікке келуге көмектессе) уәде еткен көрінеді.

«Демек, олар жерін беруге дайын. Шындығында, Қырғызстанда пайдалы қазбалар ғана емес, басқа да нәрселер бар... Су ресурстарын пайдалануға болады. Егер олар ешнәрсе бергісі келмесе... Ыстық көлді берсін», – деп мәлімдеген Жириновский.

Айта кетейік, бұдан бұрын Латвия мен Украина Владимир Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп жариялаған.

Дереккөз: bnews.kz

22 мамыр 2013, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.