Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Сәдібеков Бахытжан Исламбекұлы Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Б.И. Сәдібеков прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді. Кезең-кезеңімен Қызылорда облысының, Астана қаласының прокуратуралары және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында лауазымдар атқарды.
Соңғы 4 жылда Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің Бақылау-әдістемелік басқармасының бастығы лауазымын атқарған. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.