Атырау, 10 желтоқсан 22:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Шетел инвесторларының кеңесі Астанада ҚР президентінің қатысуымен ашылды

2 409 просмотра
АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Әңгімелесу барысында Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан экономикасының түрлі секторындағы мемлекеттік және жекеменшік жобаларды жүзеге асыруға қатысуының негізгі аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропа қайта құру және даму банкі бүгінде тиімді диалог алаңына айналған Шетел инвесторлары кеңесін құруға белсене қатысқанын атап өтті.

«Кеңес отырысында инвесторларды толғандыратын барлық мәселе қарастырылады. Сонымен қатар, біз өз тілектеріміз бен ұсыныстарымызды айтамыз. Қазақстан мен Банк арасындағы екіжақты ынтымақтастық серпінді әрі табысты дамуда. Біз елімізді одан әрі дамытуға бағытталған біздің серіктестігімізді өте жоғары бағалаймыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Мемлекет басшысына кездесу үшін алғысын айтып, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Еуропа қайта құру және даму банкі 1991 жылы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға өтуі кезінде жобаларға қаржылық көмек көрсету үшін құрылды. Бүгінде 64 ел және 2 халықаралық ұйым (Еуропа одағы және Еуропа инвестициялық банкі) Еуропа қайта құру және даму банкінің мүшесі болып табылады.

Дереккөз: inform.kz

22 мамыр 2013, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.