АСТАНА, 22 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Бостон марафоны кезіндегі жарылыстарға қатысты сот тыңдауы 2 шілдеге қалдырылды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі прокуратура өкілінің мәлімдемесіне сәілтеме жасап.
Тыңдау 30 мамырға белгіленген болатын, алайда лаңкестік ұйымдастырды деп айыпталып отырған Джохар Царнаевтың жақтаушысы да, айыптаушы тарап та келісіп, істің күрделілігіне байланысты сот тыңдауын кейінге жылжыту туралы бірлескен өтініш білдірді.
Агенттік сіллтеме жасап отырған прокуратура өкілінің айтуынша, сот тыңдауы «2 шілдеге қалдырылды».
Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде Бостон марафонының мәре сызығында 12 секундтық аралықта екі үлкен жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тапқан болатын: бір ҚХР азаматшасы мен екі америкалық, оның біреуі 8 жасар бала, тағы 180-нен астам азамат түрлі деңгейде жарақат алды. Бірнеше күннен кейін америкалық арнайы қызмет мамандары лаңкестік әрекетке қатысты Солтүстік Кавказдан шыққан ағайынды Царнаевтарды күдікті деп жариялады. Арнайы операциялар барысында олардың үлкені, 26 жасар Тамерлан Царнаев, қайтыс болды. 20 сәуірде екінші күдікті Джохар Царнаев қолға түсті. Оған соңы адам өліміне әкеліп соққан жаппай қырып-жою қаруын қолдану және мүлікті қаса-қана бүлдіру айыбы тағылып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Царнаев оған тағылған айыптаулар бойынша кінәлі деп танылған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылып немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Дереккөз: newskaz.kz