Англияның Жоғарғы соты KPMG басқарушы компанияға Мұхтар Әбіләзовке тиесілі және Ұлыбританияның аймағында орналасқан, сатуға өкілеттігін беретін «люкс» қатарындағы үш жылжымайтын мүлік объектілерін өндіріп алу туралы ақырғы үкім етті деп хабарлайды БТА банктің баспасөз қызметі.
Аталмыш шешім «БТА Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Банк») Мұхтар Әбіләзовтың Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасы лауазымында болған кезеңіңде Банктен заңсыз шығарылған активтерді қайтару мақсатында бастама еткен, заңды өндіріс шеңберінде шығарылған. Бұл шешім Соттың жалпы сомасы шамамен 3,7 млрд. АҚШ доллар Банктің пайдасына шығарылған қатарынан басқа маңызды шешімдерден кейін ерді.
Соттың аталмыш шешімі келесі жылжымайтын мүлік объектілерін сатуға рұқсат етеді: Carlton House деп аталатын Лондонның солтүстік жағында орналасқан Бишоп авенюдағы дербес үй. Дербес үй қабылдауға арналған 15-метрлік залдан, кітапханадан, 9 жататын бөлмеден тұрады, аймағында бассейн және 12 адамға арналған түрік моншасы бар. Oaklands Park деп аталатын Ұлыбритания, Виндзор қаласында орналасқан ауданы 40 гектардан астам жер телімі. Телімнің аймағында 8-үй, тәлімбақ, теннис корттары, көлдер, орман алабы және тікұшақ алаңы бар. Albert’s Court деген атаумен белгілі Лондондағы Сент-Джонс-Вуд ауданында орналасқан күзетілетін ғимаратта орналасқан пәтер.
«Осы Сот үкімін біз Әбіләзовтың Директорлар Кеңесі Төрағасының лауазымында болған кезеңіңде иеленген бірнеше миллиард АҚШ долларды Банктің активтеріне қайтару жолына тағы да бір маңызды қадам деп бағалаймыз. Енді сот шешімі шығарылған бойынша активтерді сатуға болады. Біз бүкіл әлем бойынша Банктің активтерін қайтару үшін Сот шешімін әрі қарай қолдануға ниеттенеміз»,-деп түсіндірді аталмыш оқиғаны Басқарушы директор – активтерді қайтару процестерін басқаратын Банктің Басқарма мүшесі Павел Просянкин.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.