Атырау, 26 қараша 00:42
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында ереуіл болды

928 просмотра

Бас мердігерге тасымал қызметін көрсететін «BJJ» қосалқы мердігерінің 30 қызметкері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Бұл туралы «АЖ» басылымына ақпарат көзі хабарлады.

Оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары, қоғам белсендісі Ғ.Ғабдуллин мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Тараптар 2024 жылдың 11 қаңтарында Мақат ауданы әкімдігінде кездесуге келісті.

Жүргізушілер түс ауа жұмыстарына оралды.

Зауыт Қашаған кен орнынан 1 миллиард текше метрге дейін ілеспе мұнай газын өңдейді. Жоба операторы – «Qazaq Gaz» ұлттық компаниясы.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

7 қаңтар, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.