Атырау, 23 қараша 19:15
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев шетелдік инвесторлармен аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2 409 просмотра

АСТАНА, 21  мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің алда болатын отырысына қатысушылармен кездесу өткізді, кездесу барысында аэроғарыш саласындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуге Еуропалық аэроғарыш және қорғаныс концернінің (EADS) басшылары ¬- президенті Томас Эндерс, президент аппаратының жетекшісі Николас Чамуссин, халықаралық даму жөніндегі бас атқарушы директоры Жан-Пьер Таламони сондай-ақ, «Эйрбас» компаниясының бас атқарушы директоры Джон Лихи және «EADS Қазақстан» бас директоры Сильвер Дэлонэ қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған компаниялармен ынтымақтастығы жақсы қарқынмен дамуда екенін атап өтті.

«Сіздердің делегация құрамында келулеріңіз бұл жұмыс жалғасын табатынын білдіреді. Біз бұған дейін де менің Парижге сапарым барысында кездестік. Жасалған келісімдер ынтымақтастығымыздың аясы дәйектілікпен ұлғая түсетінін көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде компаниялар өкілдері Қазақстан Президентіне қабылдауы үшін алғыс айтып, қазақстандық серіктестерімен ықпалдастықтың табысты екендігі туралы хабардар етті.

EADS - аэроғарыш өнеркәсібіндегі ірі корпорация және жолаушылар, жүк және әскери-транспорт ұшақтары өндірісімен айналысатын «Эйрбас» компаниясының бірден-бір акционері болып саналады.

Дереккөз: newskaz.kz

21 мамыр 2013, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.