Атырау, 16 сәуір 13:31
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

АҚШ-та дауылдан ондаған адам қаза тапты

2 248 просмотра
Фото дереккөзі: ReutersФото дереккөзі: ReutersАҚШ-тың орталығына жақын Оклахома штатында тұрған дауыл салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 91 адам қаза тапты. 120-ға тарта адам ауруханаға түскен. Тағы бірнешеуі із-түзсіз жоғалды. 

Оклахомаға жақын Мур қаласында тұрған дауылдың жылдамдығы сағатына 320 километрге дейін жеткен, ені 1,6 километр аумақты қамтыған. Дауыл салдарынан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар қираған. Күшті дауыл кейбір жеңіл және жүк көліктерін аударып тастаған.

Оклахома медициналық сараптама орталығы мамандарының дерегіне қарағанда, қаза тапқан 91 адамның 20-сы - балалар.

Мур қаласында 55 мыңға жуық адам тұрады.
Дереккөз: azattyq.org
21 мамыр 2013, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.