Атырау, 23 қараша 19:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайрат Нұртастың анасын семейліктер сотқа бермек

2 941 просмотра

АСТАНА. 21 мамыр. Baq.kz -  Жас әнші Қайрат Нұртастың Семейде өтпей қалған ән кеші төңірегіндегі кезекті дау. Бұл жолы әртістің концертін тамашалай алмаған жұрт оның анасы әрі продюсеріне ашулы, деп хабарлайды КТК арнасы. Өйткені Гүлзира Айдарбекова телеарнаның «Наша правда» бағдарламасында баласының Семейде өтпей қалған концертіне ренжіген жергілікті зиялыларды «базар жұмысшылары» деп атаған еді. Енді осы сөзі үшін олар жұлдыздың анасын сотқа беруге бекінген.

 
Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы, продюсері:
 
- Те три женщины, которые были на базаре и устроили настоящее шоу из-за отмененного концерта. Мы считаем что это было снято специально!
 
Қайрат Нұртастың концертін көре алмай кеткен Гүлжанар Кәкімжанқызы оның анасының сөзінен кейін төбеме жай түскендей болды дейді. Кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты өзін «базардағы әйелге» теңегеніне ашулы.
 
Гүлжанар Кәкімжанқызы, Семей қаласының тұрғыны:
 
- Қайрат Нұртастың анасының көзқарасы бойынша, базардың адамдары немесе базардың әйелдері деген ең соңғы адамдар ма? Әлде ондай мамандық жоқ па? Мен осыны өз басым ұқпадым. Неге базардың әйелдері деп келемеждеп айтады!? Ар-ожданымызға өйстіп тигені үшін біз сотқа беруге дайынбыз.
 
Арқат Мұхамеджанов, Семей қаласының тұрғыны:
 
- Шешесі «Базарный бабалар» осыны ұйымдастырған деп жатыр. Осының өзі сол кісінің адамға деген, жұртқа деген көзқарасының теріс пиғылда екенін байқатады.
 
Ал гастрольден қолы тимейтін әншінің анасына хабарласқанымызда,  ешкімді келемеждеген жоқпын, ешкімнен кешірім сұрамаймын деп шорт кесті.
 
Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы, продюсері (Телефон арқылы):
 
- Олар «базардың» деген сөзге сонша қадалып тұр. Ал сонда менің 62 тамырымды жарып шыққан баламның суретін жыртып, жерге таптап, бүкіл халыққа мазақ еткендері менің жүрегіме қалай тиді екен?! Соны біле ме екен?! Дәл осы үшін мен кешірім сұрамаймын!
 
Қайраттың анасы тіпті өзі де базарда жұмыс істегенін жасырмады. Бұл келеңсіз жағдайға қарамастан Семейде тағы ән кешін өткізуге дайын екенін білдірді. Ал «намысы қорланған» семейліктер өнер жұлдызын сахнада емес, сот залында күтеміз,- дейді.
Дереккөз: baq.kz
21 мамыр 2013, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.