Атырау, 23 қараша 08:56
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екі жыл бұрын Түркияда ресейлік туристерді улағандар 90 жылға сотталды

2 520 просмотра

Түркияда 2011 жылы Бодрумда ресейлік туристердің алкогольдік ішімдіктен улану оқиғасына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы РИА Новости зардап шеккен туристердің бірінің жақтаушысына сілтеме жасап хабарлады, дейді lenta.ru.

Адвокаттың айтуынша, осы іске қатысты айып тағылғандардың төртеуі 90 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үшеуі, оның ішінде туристер демалған яхтаның екі қожайыны да бар, әрқайсысы жеті жылға сотталды.

2011 жылы мамыр айының соңында Бодрум курортында яхтамен серуенге шыққан бір топ ресейлік турист алкогольдік ішімдіктен уланып қалған. Салдарынан бес адам қаза болып, тағы бірнеше ондаған адам ауыр халде ауруханаға түскен.

Кейін сараптама нәтижесі көрсеткендей, туристерге ұсынылған алкогольдік ішімдік құрамынан көп мөлшерде метанол табылыпты. Түркия билігінің мәліметтері бойынша, контрафактілі ішімдіктер Солтүстік Кипрде өндірілген екен.

Оқиғадан кейін бірнеше күн өтісімен Түркия билігі болған оқиғаны қылмыс, оның ішінде адам өлтіру оқиғасы деп тану жөнінде шешім қабылдады. Себебі контрафактілі ішімдік әзірлеушілер метанолды осыншама көп мөлшерде қосу адам өміріне аса қауіпті екендерін білмей қалуы мүмкін емес дейді олар.

Дереккөз: bnews.kz

21 мамыр 2013, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.