Атырау, 26 қараша 02:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Экологтар каналдағы балықтың қырылу себептерін атады

951 просмотра

2024 жылдың 2 қаңтарында Атырау облысы Жылыой ауданындағы Соленое көліне құятын каналда балықтың қырылғанытуралы ақпарат келіп түсті.

Бұл дерек бойынша жұмыс тобының барлық мүшелері – Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Атырау облысы бойынша экология департаменті, Жылыой аудандық прокуратурасы және жергілікті атқарушы органдар жедел түрде хабардар етілді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өлі мөңке балықтарын жинап, кейін көму жұмыстары ұйымдастырылды. 2024 жылдың 2 қаңтарында сағат 21:00-де жиналған балықтың салмағы 441 келі болды. 3 қаңтарда өлі балықтарды жинау жалғасады.

Зертханалық зерттеу үшін өлі балық үлгілері алынды. Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары су сынамасын алды.

Алдын ала қорытынды бойынша, балықтың қырылуы суда еріген оттегінің жетіспеушілігінен және ауа температурасының төмендеуі кезінде каналдың қатып қалуынан орын алған.

Анықтама үшін: көктемгі су тасқыны кезеңінде Құлсары қаласын су басудың алдын алу мақсатында балықтар қырылған канал арқылы Соленый көліне артық су көлемі ағызылады. Бұл су қоймалары Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан. Каналдың өзі 3 шақырымды құрайды. Бұған дейін каналда балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілмеген.

3 қаңтар, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.