Telegram арналарының бірінде балықтың жаппай қырылып жатқаны түсірілген видеоролик жарияланды.
Оқиға Атырау облысы Жылыой ауданындағы Соленый өзегінде болған. Оқиға орнына Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері шықты. Қосымша зерттеулер жүргізетін арнайы комиссия құрылады. Өлі балықтар арнайы бөлінген жерге көміледі.
Балықтың қырылу себебі судың сынама нәтижесі шыққан соң хабарланады. Сонымен қатар ережеге сәйкес балықтарды көму жұмыстары жүргізіледі. Алынған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланады.
- Қазіргі уақытта оқиға орнында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің қызметкерлері мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.