Атырау, 2 сәуір 10:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 451.71
€ 491.64
₽ 5.86

Ақтауда 14 жасар оқушылар сыныптастарын сабаған

1 805 просмотра

АСТАНА, 21 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Ақтауда мектеп жасындағы қыздар топтасып, қатарластарын сабаған. Тіпті бұл ерсі қылықтарын ұялы телефонға түсіріп, қызық үшін ғаламторда жариялады деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

«Ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан үш сотқар қыз Ақтаудағы № 9 мектептің оқушылары. Олар 14 жастағы құрбыларын ортаға алуда. Оны мектептің ауласында сабап, сосын бос тұрған темір контейнерге сүйреп апарып, сол жерде тепкілеулерін жалғастырды. 3 қыздан бөлек, сырттай қызықтап тұрғандар да жетерлік. Әсіресе, таспада ұлдардың дауысы жарқын шығады. Ғаламторда жұлысқан қыздарды көрген прокурорлар мектепте тексеру бастапты. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, бар жауапты енді білім ошағының басшылығы мен тентек бойжеткендердің ата-аналары арқалайды»,-делінген хабарламада.

«Бұл жерде енді ата-аналары осы ұрған балалардың әкімшілік жауапкершілік және мынау сол мектепке белгіленген учаскелік инспектордың жауабы қаралады. Және осы мектептің әкімшілік қатарынан қаралады»,-деп мәлімдеді телеарнаға берген сұхбатында Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев.

Дереккөз: newskaz.kz

21 мамыр 2013, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.