2023 жылғы 1 қаңтарда 02 сағат 33 минутта CALL орталыққа Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданы, Елорда даңғылы бойында орналасқан тұрғын үйдің қаптамасынан өрт шыққаны туралы шақырту түсті.
Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде 9 қабатты «Family» тұрғын үйінің сыртқы қамтамасының ашық отпен жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер шұғыл түрде өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп, өрттің тұрғындар тұратын бөлігіне ұласуына жол бермеді.
Өрт салдарынан 9 қабатты тұрғын үйдің 250 шаршы метр болатын сыртқы қамтамасы (полифасад) жанып кетті.
Өрт сағат 03:17-де оқшауланып, 03:19-де толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 53 қызметкері, 8 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сұралады!
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ