Атырау, 23 қараша 08:48
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда американдық КС-135 ұшағының «қара жәшігі» табылды

2 345 просмотра
Фото: ReutersФото: ReutersАСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Панфилов ауданында 2013 жылы 3 мамырда апатқа ұшыраған американдық КС-135 ұшағының «қара жәшігі» табылды, деп хабарлады РБК.

Бұл туралы қырғыздың АКИ press ақпараттық агенттігі ұшақтың апатқа ұшырауын тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия төрағасының орынбасары, Азаматтық авиация агенттігінің ұшырулар қауіпсіздігін инспекциялау басқармасының бастығы Сталбек Шаршевке сілтеме, жасап хабарлады. Оның айтуынша, «қара жәшік» 16 мамырда табылған.  

«Тиісті акті жасалды. Жәшіктер американдық тарапқа оны АҚШ жөнелтіп, шифрды ажырату үшін берілді», - деп хабарлады Қырғызстан көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.  

 «Манас» халықаралық әуежайындағы транзиттік тасымалдар орталығының отын құятын ұшағы 3 мамыр күні жергілікті уақытпен 14:55-те (мәскеу уақытымен 12:55) Шу облысының Панфилов ауданында Чолок-Арық және  Чоргола ауылдары арасында апатқа ұшырады.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ әуеде өртеніп, жерге құлаған. Онда үш адамнан құралған экипаж болған. Американдық әскерилердің айтуларынша, олардың бәрі де - АҚШ азаматтары.

Ұшақтың апатқа ұшырауының себебі ретінде жасын түсуі ықтимал деген болжам айтылады. Алайда оның апатқа ұшырау себептері ресми жарияланған жоқ. Апаттың жай-жапсарын арнайы комиссия тексеруде.

Дереккөз: inform.kz

20 мамыр 2013, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.