Сирия армиясының әскери қызметкерлері. Фото: Joseph Eid / AFPСирияда қарулы қақтығыс аяқталар емес. Елдің бірнеше қалаларындағы ахуал күннен-күнге ушығып барады.
Башар Асад әскері көтерілісшілердің стратегиялық маңызды қорғаны болып саналатын елдің батысында орналасқан Эль-Кусайр қаласын жаулап алды. Бұл қала арқылы оппозиция күштері көрші ел Ливанмен тығыз қарым-қатынас жасап отырған. Ресми деректерге сүйенсек, 70 көтерілісшінің көзі жойылды. Қазір қала толығымен Үкімет әскерінің бақылауында. Алайда жергілікті «Аль-Джазира» телеарнасы Үкімет әскерінің Эль-Кусайр қаласын толығымен басып алды деп айтуға әлі ерте дейді.
Дереккөз: 24.kz