Атырау, 23 қараша 19:33
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астаналық тоғызжасар қыз Бибісара Асаубаева шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды

2 065 просмотра

АСТАНА, 20 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Астаналық тоғызжасар қыз Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионатында төртінші рет алтын алып отыр деп хабарлайды елорданың ресми сайты қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы чемпионат грек шығанағындағы Халкидиде өтті. «Қатысқан 52 қазақстандықтың арасында тек Бибісара ғана тоғыз мүмкіндіктен 8,5 балл жинап, шахмат «тәжін»иеленді. 2011 жылдан бері жас шахматшы Польшада, Бразилияда және Румынияда өткен әлем чемпионатында үш рет үздік шықты», - делінген хабарламада.

Бибісара Асаубаева 2010 жылдан бері Астана қаласында жаттығып келеді. Ол Х.С. Омаров атындағы шахмат клубының тәрбиеленушісі болып табылады. Жеке жаттықтырушысы Азамат Әубәкіров жас қыздың талантына сүйсініп, мақтаныш етеді.

«Бибісараның бұл алғышқы үздік шығуы емес, ол мұндай бас жүлдені бұдан бұрын да үш рет жеңіп алған. Жеңіске деген құштарлығы үлкен. Өте еңбексүйгіш, жалықпай-талмай жаттығуының арқасында осындай биік мәртебеге ие болып жүр», - дейді ол.

Бибісара Асаубаеваның алтынынан басқа қазақстандық мектеп оқушылары медальдер мен марапаттарға ие болды.

«Өзінің әлем чемпионатындағы дебюттік өнер көрсетуінде Әмина Қайырбекова жеті жасқа дейінгі санатта күміс медаль алса, 15 жасар Жанат Сайын «қолаға» қол жеткізді», - деп мәлімдеді Басқарманың баспасөз қызметі.

Дереккөз: newskaz.kz

20 мамыр 2013, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.