Атырау, 26 желтоқсан 20:00
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Білім және ғылым вице-министрі «бюджет қаражатын талан-таражға салды» деген айыппен үйқамаққа алынды

1 924 просмотра

Саят Шаяхметов. Фото: thenews.kzСаят Шаяхметов. Фото: thenews.kzАСТАНА, 20 мам –Қазақстан жаңалықтары АА.  Өскемен қаласындағы 700-орындық оқу мекемесінің құрылысы барысында 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс аясында Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов ұсталды деп хабарлайды  Қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2013 жылғы 29 сәуірде Қаржы полициясы агенттігі Өскемен қаласындағы 700-орындық оқу мекемесінің құрылысы барысында 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Ағымдағы жылғы 14 мамырда аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі С.Шаяхметов және «Салынып жатқан ҚР білім және ғылым объектілерінің дирекциясы» ЖШС бас директоры А.Пак ұсталды»,-делінген хабарламада.

17 мамырда сот санкциясымен Шаяхметов үй қамауына, Пак қамауға алынды.

Бұдан бұрын аталған қылмысқа қатысы бар деген айыппен «ЗАК Сервис» ЖШС бұрынғы бас директоры Р.Киреев қамауға алынған болатын.

«Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды»,-деп атап көрсетеді қаржы полициясынан.

Дереккөз: newskaz.kz

20 мамыр 2013, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.