Атырау, 10 маусым 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +29
$ 445.62
€ 479.40
₽ 5.40

Жилгородоктағы жол апаты

4 347 просмотра

Бүгін, 19 мамырда Жигородокта едәуір жолөлік апаты орын алды.

№30 жолаушылар автобусы Әуезов көшесінің бойымен көпірге қарай бара жатқан кезде, жүргінші жолына аяқ астынан бір бала жүгіріп шыққан, деп хабарлайдыІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. ЖПБ қызметкерлерінің алдын ала болжамдары бойынша, жүргізуші баланы қағып кетпес үшін рөлді күрт солға қарай бұрғанда автобус коттедждің тас дуалына кіріп кеткен. Дегенмен де, 11 жасар бала ауыр зақым алыпты.

Жол-көлік оқиғасына куә болғандар сол мезет «жедел жәрдем» шақырған. Олардың айтуынша, автобус жолаушыларының арасында екі адам әжептәуір жарақат алған, оларды жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Бала облыстық ауруханаға жеткізіліпті, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 мамыр 2013, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.