Атырау, 25 сәуір 13:33
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Евровидения-2013 байқауында даниялық орындаушы жеңіске жетті

2 026 просмотра

18 мамырда Шведтің Мальмё қаласында Евровидения-2013 байқауы мәреге жетті деп жазады lenta.ru.

Ресми дауыс беру аяқталғанға дейін «Only Teardrops» әнін орындаған дат әншісі Эммили де Форест жеңімпаз болып мәлімденді. Айта кетерлігі мұндай оқиға конкурс тарихында болмапты. Даниялық әнші 281 балл жинаған, дауыс беруші 39 елдің сегізі ең жоғарғы -12 балл берген.

Екінші орынды Әзірбайжан өкілі Фарида Мамедов алды. Үшінші орында Украина намысын қорғаған Злата Огневич, ал ең соңғы орында 5 баллмен Ирландия өкілі тұр.

 Сонымен қатар конкурс финалына Венгрия, Грузия, Румыния, Норвегия, Исландия, Армения, Финляндия, Мальта, Греция, Молдавия, Литва, Ирландия, Эстония, Беларусь, Бельгия мен Нидерланды өкілдері кірді. Финалға конкурстың құрылтайшы елдері Германия, Испания, Ұлыбритания, Франция мен Италия мен конкурсты ұйымдастырушы ел - Швеция әншісі бар.

Дереккөз: bnews.kz

19 мамыр 2013, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.