Атырау, 25 қараша 20:28
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балық мафиясын қорқытты

3 307 просмотра

17 мамырда Астанада «Нұр Отан» ХДП баспасөз орталығында Атыраудағы балық браконьерлігімен күрес жөніндегі партиялық бақылау бекетінің жабылуына қатысты брифинг болып өтті.

Брифингті партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран РАХИМБЕКОВ өткізді. Атап айтқанда ол былай деді:

- Балық қорлары, әсіресе бекіре тұқымдастар бойынша салмақты ахуал қалыптасты. Тек соңғы онжылдықта бекіре тұқымдастар саны 61 млн-нан 1,3 млн‑ға дейін азайды... 2012 жылдың қазанында «Нұр Отан» ХДП-ның сыбайлас жкмқорлыққа қарсы медиа-орталығының  күшімен «Балық ісі» журналистік зерттеу жұмысы жүргізілді. Осыған байланысты Атырау облысында партиялық бақылау бекетін құру жөніндегі пилотты жоба жүзеге асырылды... Барлығы 16 біріккен рейд жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша 8 материал құқыққорғау органдарына жіберілді... Бұл акция аймақ тұрғындарының арасында оң баға мен қолдауға ие болды. Болашақта партия жиналған оң тәжірибені қолдана отырып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 мамыр 2013, 23:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.