АСТАНА, 17 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын белсенді түрде сынға алып жүрген әлеуметтік желілердің пайдаланушылары зейнетақы реформасы туралы бүкіл халықтың пікірін білдіре алмайды, деп санайды республика Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко.
Бейсенбі, 16 мамырда Қазақстан парламентінің сенаты бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын ауыр және қауіпті өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті жрналар санатына ауыстыру ұсынылған. Осыған орай, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша еңбекақы қорының 5%-ы мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКСЖ) енгізіледі. Бұл ретте тізбесін Үкімет бекітетін зиянды өндірістерде жұмыс істейтін адамдарға жұмыс берушілер МКЗЖ аударатын болады.
«Әр қайсымыздың 57 жасқа толып, зейнеткерлікке шығуға ай санап жүрген апайымыздың бар екендігі түсінікті. Егер айқын ойланар болсақ, әр қайсымыздың 58 жасқа толғаннан кейін де жұмыс істегісі келетін жене істеп те жүрген мыңдаған таныстарымыз бар», - деді Марченко жұма күні Алматыда өткен брифингте.
Дереккөз: newskaz.kz