Атырау, 26 желтоқсан 16:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Алматыда банк кассирі $100 мың ұрлады деген күдікпен ұсталды

2 065 просмотра

АСТАНА, 17 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыда банк кассирі 100 мың доллар ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, банк қызметкерлері 14 мамыр күні 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржының жетіспейтіндігін анықтаған. Ақша инкассаторлардан толық көлемде алынғаннан кейін жоғалған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 15 мамыр күні Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция қызметкерлері 1990 жылы дүниеге келген банк кассирін ұстады. Ол өз кінәсін ойындап, ақша банкке қайтарылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Дереккөз: newskaz.kz

 

 

17 мамыр 2013, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.