Атырау, 23 қараша 19:25
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теріскейде үш полиция қызметкеріне «адам ұрлады» деген айып тағылды

1 622 просмотра

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.Олардың бірі Соколовка кентінің 24 жастағы тұрғынымен сөзге келіп қалып, соққыға жыққан.

Теріскейде үш полиция қызметкеріне адам ұрлады деген айып тағылды. Олардың бірі Соколовка кентінің 24 жастағы тұрғынымен сөзге келіп қалып, соққыға жыққан.

Мамырдың 3-і күні Соколовка кентінің тұрғыны 24 жастағы ұлының 28 сәуірден бері үйге келмегені туралы шағым түсірген. Ішкі істер қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарына кірісті.

Нәтижесінде жоғалған жігіттің оқиға болған күні дәмханада жергілікті жол полициясы қызметкерімен ерегісіп қалғаны анықталған. Кейін бұл ерегіс Есіл өзені жағасында жалғасқан.

Полицейлердің бірі оны соққыға жығып, өзенге лақтырып жіберген. Содан бері жігітті ешкім көрмеген.

Мәдина Бағашұқова, облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жедел тергеу амалдарын жан-жақты объективтік және толық қарау үшін Ішкі істер департаментінің бастығы өзі қатаң бақылауына алды. Қазіргі күні Қылмыстық Кодекстің 132-ші бабына сәйкес екеуі қамауға алынды. Біреуі Астана қаласында онкологиялық диспансерде емделуде. Күзет қойылды.

Дереккөз: kaztrk.kz

17 мамыр 2013, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.