Атырау, 23 қараша 19:17
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дәрігердің бас бостандығы шектелді

1 680 просмотра

Айыпты марқұмның отбасына 2 миллион теңге моральдық және материалдық өтем төлейді.

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық ауруханасының анестезиолог-дәрігері 2 жылға сотталды. Ақтау қалалық соты оның бас бостандығын шектеп, көпшілік орынға баруға тыйым салды.

Енді дәрігер Мұхтар Жандәулетовтің осы уақыт аралығында жүріс-тұрысы мен тәртібін қылмыстық атқару инспекциясы бақылап отырмақ. Сондай-ақ айыпты марқұмның отбасына 2 миллион теңге моральдық және материалдық өтем төлейді.

Прокурорлар М. Жандаулетовке 3 жыл дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды талап еткен болатын. Бірақ, сот оған бұрынғы қызметін жалғастыра береді деген шешім шығарды. Тек жұмыс орны мен мекен-жайын ауыстырмауы тиіс.

Алайда, сотталған азамат та, марқұмның туыстары да қайғылы жағдай тек анестезиологтың әрекеті салдарынан орын алған жоқ деп отыр. Олар соттың шығарған үкіміне қайта шағым түсірмек.

Балта Қосбармақ, марқұмның туысы:

Қорытындыда нақты көрсетілгендей, өлім жатырдан қан кету себебінен болған. Ал Жандәулетовтің кінәсі - кеңірдекті жарақаттағанында. Ол 3-4-ші себептерге жатады екен. Негізі іске кінәлі гинекологтар жауапкершіліктен тысқары қалды деп есептеймін.       

Дереккөз: kaztrk.kz

17 мамыр 2013, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.