Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Жамбыл ауылындағы мектеп өртенді

2 129 просмотра

Бүгін, 16 мамыр күні таңғы сағат төрт жарымда Құрманғазы ауданы Нұржау селолық округына қарасты Жамбыл ауылында (Ганюшкино селосынан 18 шақырым) мектеп өртенді.

Өрт Панфилов атындағы орта мектептің 63 жыл бұрын қамыс блоктан салынған бір қатарлы ғимаратында орын алды. Аудандық ТЖ бөлімі хабарлағандай, жану орнына келген өрт сөндірушілер отты екі сағаттан кейін ауыздықтады. Ғимараттың тең жартысына жуығын өрт шалған. Енді аудандық билік 91 жамбылдық оқушының қайдан оқу жылдарын бітіретіндігі жөнінде шешім шығаруы керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 мамыр 2013, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.