Кеше Қырзыстан мен Украина «Құпия ақпаратты бірігіп қорғау туралы» келісімге қол қойды, деп хабарлайды kginform сайты Қырғызстандағы Украина елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, құпия ақпарат туралы келісімге Украина Қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Владимир Породько мен Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Бейшенбай Жүнісов қол қойған.
Бұл келісімге құпия ақпараттарды бірігіп қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қол қойылып отыр.
Дереккөз: bnews.kz