Атырау, 20 сәуір 09:47
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қанат Ислам доминикандық Хосе Родригестi есінен тандырды

2 200 просмотра
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсiпқой рингте 13-жеңiсiне қол жеткiздi, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзiнiң кезектi жекпе-жегiнде Қанат Ислам доминикандық Хосе Антонио Родригестi нокаутпен жеңдi. Доминикандықтың отаны Санто-Доминго қаласында өткен кездесу бiрiншi раундта-ақ аяқталды. Бұл Қанаттың 13 кездесудегi 13-шi жеңiсi болып табылады. Қарсыластың 11-iн ол нокаутпен жеңдi. Доминикандық үшiн бұл 15-шi жеңiлiсi. Ол өз мансабында барлығы 20 жекпе-жек өткiзген.

Айта кетейiк, Қанат 2012 жылы Родригеспен жұдырықтасқан болатын. Ол кезде де жерлесiмiз қарсыласын үшiншi раундта сұлатқаны есiмiзде.

Еске сала кетейiк, бұл жекпе-жектiң алдында Қанат Ислам эквадорлық боксшы Эдуардо Флорестi тiзе бүктiрген еді.

Дереккөз: inform.kz

16 мамыр 2013, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.