Атырау, 19 қараша 10:14
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы әкімінің есебін тыңдады

916 просмотра

Мемлекет басшысы Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдерімен жылу беру мәселесін талқылады.

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті. Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды.

Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді. Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкіметке және облыстардың әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді.

11 желтоқсан 2023, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.