АСТАНА, 16 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан парламенті бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
33 сенатор заң жобасының қолдап дауыс берді, қарсы дауыс бергендер - 4, қалыс қалғандар – алтау.
Заң жобасымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын ауыр және қауіпті өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті жрналар санатына ауыстыру ұсынылған. Осыған орай, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша еңбекақы қорының 5%-ы мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКСЖ) енгізіледі. Бұл ретте тізбесін Үкімет бекітетін зиянды өндірістерде жұмыс істейтін адамдарға жұмыс берушілер МКЗЖ аударатын болады.
Заң жобасы «МЖЗҚ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құруға бағытталған. Оның құрылтайшысы мен акционері ҚР Үкіметі болады, ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алуды және зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын жалғыз ұйым болады.
Зейнетақы активтері мен зааматтардың жинақтарын аудару толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ-лары меншікті активтерін сақтап қалады және инвестициялық портфельді басқарушылар немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде өз қызметтерін жалғастыра береді.
Бұған қоса, заң жобасымен әйелдердің зейнеткерлік жасын бірдейлендіру көзделген. Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды біртіндеп, 10 жыл ішінде, зейнеткерлік жасты 2014-2023 жылдар аралығында жыл сайын алты айдан өсіре отырып жүзеге асыру ұсынылады. Мұндай жағдайларда зейнеткерлік жасты бірдейлендіру әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ұлғайту және зейнетақы жинақтарының көлемін арттыру үшін ұсынылып отыр. Бұл тиісінше жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын зейнетақының мөлшерін арттыруға әкелуі тиіс.
Сонымен қатар, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзегерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын да бірінші оқылымында мақұлдады.
Аталмыш заң жобасы бірақатар заңнамалық актілерді «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заң жобасы нормаларына сәйкес келтіруді көздейді. Осыған байланысты 9 кодекс пен 28 заңға тиісті түзетулер енгізілмек.
Дереккөз: newskaz.kz