Атырау, 9 қараша 03:22
 бұлттыВ Атырау +1
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Петропавлда әйел жалдамалы пәтерде босанып, сәбиін тұншықтырып өлтірген

1 792 просмотра

АСТАНА, 16 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. Петропавлда жас келіншек жалдамалы пәтерде босанып, сәбиін тұншықтырып өлтірген, деп хабарлады СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда 14 мамыр күні жалдамалы пәтерде басына полиэтилен пакет кигізілген жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды.

«Іздестіру шаралары барысында баласын өлтірген 25 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Кейін анықталғанындай, 13 мамыр күні айы-күні жеткен әйел бір тәулікке пәтер жалдайды. Таңертең ол қыз баланы өмірге әкеледі. Тергеу барысында белгілі болғанындай, жауыз ана жаңа туған нәрестесінің басына полиэтилен пакет кигізіп, оны гардероб шкафына салып, өзі кетіп қалады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде. 

14 мамыр кешке пәтердің неліктен уақытында тапсырылмағанын білуге келген менеджер баланың мәйітін табады. Әйел танысымен бірге тұрып жатқан басқа жалдамалы пәтерде ұсталды. Қазіргі уақытта ол облыстық перинаталдық орталықта жатыр. 

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша нәресте тұншығып өлген. Аталған факті бойынша қылмыстық із қозғалып, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ұсталған әйелдің айтуына сәйкес, ол бірінші рет бала туып отырған жоқ. 2011 жылы туған сәбиін ол балалар үйіне тапсырған.

Дереккөз: newskaz.kz

16 мамыр 2013, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.