12 мамырда «Ақ Жайық» резерватында тағы бір өрт тіркелді. Өрт шығу орнынан түсірілген суреттерді бір оқырманымыз жіберді.
Мемлекеттік табиғи резерваттың директоры Елемес РАХМЕТОВТЫҢ айтуынша, бұл өрттің резерваттың күзет аймағындағы Қызылжар шатқалында болған өртке еш қатысы жоқ:
- Ол 23 сәуірде басталып, 7 мамырда толықтай сөндірілді.
Жексенбі күні сағат 16.00 шамасында Жайық өзені сағалары бірінің жағалауынан өрт шықты.
- Оң жақ Яицкий тарамының оң кластерлік учаскесінде ұзындығы 600 м, ені 30-50 метр көлемде қамыс жанып кетті, - деп түсіндірді «Ақ Жайық» ГМК-ның ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Александр ИВАСЕНКО. – Біз оны үш сағаттан кейін өз күшімізбен сөндірдік.
Ивасенконың айтуынша, жазғы өрттер «маусымы» ашылған. Аңызақ ыстық пен жел жағдайында мұндай жанулар жиі болып тұрады.
- Жыл басында облыстық әкімдікте өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленеді. Біз сол кезде қамыс қалың өскен жерлерде ені 100 метрдей болатындай шабын жолдар жасайық деп ұсыныс жасағанбыз, бұл оттың барлық құрғақ қамысқа таралуына жол бермейтін еді. Шараға жұмсалатын бюджетті де шамамен есептеп қойғанбыз. Ұсынысымызды СЭС-ке жолдадық, ол жерде келісім беруден бас тартты, құзіреттіліктерінде емес екен, Экология департаменті де солай жауап берді, - дейді А. Ивасенко.
Осындай ерекше ұсыныс қолданысқа енгізілмегеніне қарағанда, облыстық билік бұған жауап беретін салалық ведомство таба алмағанға ұқсайды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА