Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мереке Шалқаров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы жылдың 11 ай қорытындысымен өрескел құқық бұзушылық, оның ішінде киіктерді заң аулау, тасымалдау, сақтау әрекеттері бойынша 7 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Аталған қылмыстық істер бойынша құқық қорғау органдарымен тергеу амалдары жүргізілді. Нәтижесінде 2 факт бойынша жануарлар дүниесіне келтірілген залал үшін соттың үкімімен мөлшері 6 млн теңгені құрайтын айыппұл мемлекет пайдасына өндірілу үстінде. Ал қалған 5 факт тексерілуде.
- Инспекцияның негізгі қызметтерінің бірі - облыстағы жануарлар дүниесін қорғау. Осыған байланысты басты мақсатымыз - заңсыз аңшылықтың және киіктердің төлдеу кезінде браконьерлікті болдырмау мақсатында құқық қорғау және табиғат қорғау мекемелерімен тығыз жұмыс жасау. Осы орайда облыстық құқық қорғау органдарымен жыл басынан бері 32 рейдтік шара жүргізілді. Сондай-ақ республикалық «Киік» акциясы кезінде Батыс өңірлік филиалы «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік қазнашылық мекемесімен біріккен іс-шаралар жүргізілді, - деді М.Шалқаров.
Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
- Инспекция алдағы уақытта да облыстық құқық қорғау және табиғат қорғау мекемелерімен жасақталып біріккен жоспарлар негізінде браконьерлікті алдын алу мақсатында табиғатты қорғау және профилактикалық жұмыстарды әрі қарай жүргізетін болады.
Жалпы Атырау облысының аңшылық алқаптарының жалпы ауданы 6 млн гектарды құрайды. Ал, оның ішінде Атырау аңшылар мен балықшылар қоғамына бекітілген алаң әуесқойлық аң аулауды жүргізу үшін ұйымдастырылған аумақ 1256 гектар, - деді бас маман.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал