Атырау, 6 қазан 13:02
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

99,7 пайыз кепілдік

1 927 просмотра

Атырау облысы пилотты режимде адамның папиллома вирусына қатысты қыздарға вакцина егу жұмыстары жүргізілетін Қазақстанның төрт өңірінің қатарына кірді.

Елімізде онкологиялық сырқаттар арасында жатыр мойнының қатерлі ісігінен кейін аналық бездің қатерлі ісігі екінші орында тұр. Әлемдік медицинада 99,7 пайыз жағдайда бұған адамның папиллома вирусы (ПВЧ) себеп болады деп есептейді. ПВЧ-ға қарсы вакциналау, медиктердің сендіруінше, бүгінде ең тиімді алдын алу шарасы боп табылады. 70 шақты ел осы тәжірибені қолданады екен.

Атырау облысының бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, біздің өңірімізде 11-13 жастағы қыз балаларға биылғы жылдың қыркүйек айында вакцина егу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде:

«Церварикс» пен «Гардасил» препараттарымен вакцина егу республикалық бюджет есебінен және ерікті түрде жүргізілетін болады. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 4 000 қыз баланың (жоба осы мөлшерге есептелген) 1 059-ның ата-анасы екпе салуға өз келісімдерін берді. Бірақ бұл әзірге алдын-ала берілген мәліметтер.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.