Атырау, 5 желтоқсан 12:06
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Шымкентте сәбиді сатқаны үшін 2 медицина қызметкері сотталды

1 988 рет қаралды
ШЫМКЕНТ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкентте сәбиді сатқаны үшін екі медбике сотталды.

Істі қарау Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотында өтті. Сотталушылар орындығында қалалық перзентханалардың бірінің 2 медбикесі отырды. Олар балаларды сатуға айыпталуда.

Еске сала кетейік, қылмыс осы жылдың басында жасалды. Әйелдерді қаржы полицейлері ұстады. Бұрынғы медицина қызметкерлерінің жастары 30-да. Тергеу мәліметтері бойынша, осы жылғы қаңтар айында олар жаңа туған сәбиді 6 мың долларға сатқан.

Судья атап өткендей, сотталушылар сәбидің анасының материалдық жағдайы ауыр екенін біліп, онымен мәміле жасасқан. Сот сотталушыларды айыпты деп таныды. Жаза ретінде оларға мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Сот үкімі әзірше күшіне енген жоқ. Оны даулауға сотталушыларда 15 күн бар. Бала қамқорлық және қамқоршылық органына берілді, балдырған енді сәбилер үйінде тәрбиеленетін болады. 

Дереккөз: inform.kz

15 мамыр 2013, 20:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.