Атырау ықшам ауданындағы №31 мектеп қолданысқа 2004 жылы берілді. Алайда мектеп алдына дейін баратын асфальтталған жол салынбаған. Кейіннен қалалық билік тұрғын үйлер көшелерін абаттандыруға қаржы бөліп, бұл жерде тротуар пайда болды. Билік басындағылар осы да жеткілікті деп ойлаған шығар.
№31 мектептің директоры Г. КЕРЕЕВТІҢ айтуынша, оқу орнының басшылығы мектеп алдындағы көшеге тас жол тарту керек деп өкілетті органдарға бірнеше рет ескерткен. 2011 және 2012 жылдары осы жерге тас жол төсеу бойынша жұмыстар қалалық биліктің жоспарында болған еді, алайда белгісіз себептермен кейін шегеріле берген, ал биыл бұл туралы әңгіме де қозғамайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор