АСТАНА, 15 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. 2013 жылдың 1 қаңтары бойынша еліміздегі қазақтардың саны 11 миллион 1739 мың адамды құрады, деп хабарлады репсубликаның Статистика агенттігі.
Агенттік төрағасы Әлихан Смайыловтың хабарлауынша, 11 миллионыншы қазақ өткен жылы 28 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. Нәрестенің аты - Мұхтар Абдрахым. Оның тұрғылықты жері Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылы. Анасы Шолпан Күдірбекова - мұғалім, әкесі Мәлік Бадамбаев ауыл шаруашылығымен айналысады. «Жалпы, бүгінгі мәліметке сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтары бойынша еліміздегі қазақтардың саны 11 млн. 1739 мың адамды құрады», - дейді Ә.Смайылов.
Дереккөз: newskaz.kz