АСТАНА, 15 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Бұқаралық ақпарат құралдарының алдында өзінің қанша жалақы алатынын, қанша мүлкі бар екенін жария етті.
«20 жылдық мемлекеттік қызметімдегі жұмыс өтіліне орай менің Агенттік төрағасы ретіндегі мансаптық айлық жалақым 607 319 теңгені құрайды. Бұл соманың 10 пайызы немесе 60 732 теңгесі міндетті зейнетақылық жарна есебінде, сондай-ақ 52 793 теңге дербес табыс салығы ретінде ұстап қалынады. Осылайша, қолыма тиетін таза айлық жалақым 493 794 теңгені құрайды. Қазіргі таңда Халық банкінің зейнетақы жинақтаушы қорындағы жалпы зейнетақылық жинағымның сомасы 5 млн теңгені құрап отыр», - деді Лама Шариф Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жекеменшігімде әрқайсысы үш бөлмелі екі үйім бар, біреуі Астанада, екіншісі Алматы қаласында. 2010 жылы шығарылған «Тойота Прадо» жеңіл автокөлігім бар.
Өзім және отбасымның мүшелері, туған төрт ағам мен олардың балалары жеке кәсіпкерлікпен айналыспайды. Менің жақын туыстарым Павлодар облысының ауылдық жерлерінде тұрады. Мен оны мақтан тұтамын», - деді Қайрат Лама Шариф.
Дереккөз: newskaz.kz