Атырау, 5 қазан 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 476.59
€ 500.23
₽ 4.79

Тариф шешеді

2 005 просмотра

«ҚазТрансОйл» ЖШС мамырдың басынан бастап ауыз су мөлшерін беруді күрт төмендетті. «ЖылыойСу» КМК-сы ЖШС-ға 133 млн теңге берешек болып қалған.

Бұл қарыздың қалай өтелетінін ешкім айта алмайды. КМК-ның ай сайынғы шығыны 13 млн теңге болса, жұртшылықтың төлемақысынан жиналатыны 8 млн теңге ғана.

Қазір су тапшылығы Орталық және 4-ші ауыл ықшам ауданында қатты білініп отыр.

- Су сағаттап беріледі, бірақ ол жетпейді. Су жинап алу үшін үй-ішімізбен шелек,  баклажкалармен су тасуға шығамыз. Жуынуымыз мұң болды, - дейді құлсарылықтар.

Жылыой аудан орталығының су тапшылығын көріп отырғандығы туралы ақпарат облыс билігіне де жеткен.

- Бізоблыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ қабылдауында болдық, -дейді Жылыой ауданы әкімі Мақсым ІЗБАСОВ. - Су беруші «ҚазТрансОйл» ЖШС-ін ешкім де кінәлап отырған жоқ, бар мәселе су тарифінің төмендігінен болып отыр. Қазір «ҚазТрансОйлмен» тәулігіне6 мың текше метр су беретін болып келісілді.

- «ЖылыойТазалық» ЖШС-не «ЖылыойСу» КМК-сын сенімгерлік басқаруға бергеннен нәтиже болды ма?

- Қарыз сол күйінде қалды. Бұл жағынан жылжу жоқ. Болашақта бұл екі мекемені бөлек шығаратын болармыз. Қазір бастысы - тарифті көтеру. Енді бұл бағытта жұмыс оң болса, онда су мәселесі толық шешілетін болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.