Қазақстанда 13 және 23 мамыр аралығында тұрмыстық күш көрсетудің алдын алуға бағытталған «Әйел – отбасының және мемлекеттің тірегі» акциясы өткізіледі.
Бұл туралы ІІД әкімшілік полициясы басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА «Жайық-Ақпарат» баспасөз орталығында болған баспасөз конференциясындахабарлады.Осы 10 күндеучаскелік полицейлер тұрмыстық жәбірлеу бойынша есепте тұрған азаматтардың үйлерін аралайды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері соңғы кезде әйелдердің өздері де мұндай қоқан-лоққыға көп көне бермейтіндіктері жөнінде атап өтті. Бүгінде заң отбасында жанжал шығарушыларды тек айыппұл мен қамақ арқылы сабасына түсіруге ғана емес, отбасынан алшақтатуға, яғни белгілі бір мерзімге дейін жанұя мүшелерімен кез келген қарым-қатынас жасауға тыйым салу жазаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Атырауда бірнеше жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомблықтан зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы жұмыс жасайды. Алайда бұл жерге тек құқық қорғау органдары жолдамасымен ғана келуге болады. Орталықта 19 бен 80 жас аралығындағы әйелдер паналайды және олардың барлығының қайғысы ортақ - өз отағаларының озбырлығынан зардап шеккендер.
Жыл басынан бері полиция деректерінде әйелдерге қарсы күш көрсетудің 310 фактісі тіркелген (бұған түрлі қылмыстар – тонаулар, зорлау, алаяқтық, тұрмыстық күш көрсету және т.б. кіреді).
Зульфия ИСКАЛИЕВА