Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, сонымен қатар аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған «Бөбек» қорының грантына құжаттарды қабылдау басталды.
2011 жылдан бері қор Қазақстан бойынша колледждер мен жоғарғы оқу орындарына балаларды оқытуға 70 грант бөледі. Гранттар конкурстық негізде келесі мамандықтар бойынша тағайындалады: мектепке дейінгі оқу мен тәрбие, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика мен психология, әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану. Біздің облысымызда грант иегерлерін АМУ-ге және гуманитарлық колледжге оқуға қабылдайды.
– Тиісті құжаттармен расталуы қажет әлеуметтік жағдайдан басқа, үміткерлерге белгілі бір талаптар қойылады: аттестаттың орташа баллы төрттен кем болмауы тиіс, сонымен қатар ҰБТ-ның өту баллынан асуы тиіс, - дейді Балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Гүлшарбат ҚОСДӘУЛЕТОВА.
«Бөбек» гранты бойынша оқытылатын студенттерге шәкіртақы тиесілі, ал ауданнан келген балалар жатақханамен қамтамасыз етіледі. Алайда семестр үшін емтихан тапсыра алмай қалған және қанағаттанарлықсыз оқыған жағдайда, қор барлық сабақтарын тапсырып болғанша шәкіртақы төлемейді.
Құжаттарды Балалар құқығын қорғау департаментіне тапсыру қажет. Ақпарат алу үшін 27-29-31 телефонына хабарласқан жөн.
«Бөбек» қорының гранты – оқуын өздері төлеуге жағдайлары жоқ отбасының балалары үшін сапалы білім алудың азғана мүмкіндіктерінің бірі.
Бұрын, 2009-2012 жылдар аралығында «Бота» қорының білім беру гранттарының бағдарламасы жұмыс істеді. Қазақстанның университеттері мен колледждерінде оқуға жеткілікті қаржылары жоқ 29 жасқа дейінгі жастарға қолдау көрсетілді. Алайда биыл «Бота» студенттерге жаңадан іріктеу жүргізілмейтінін мәлімдеді. Енді бағдарлама 178 оқу орнында оқитын өзінің 724 стипендиаттарына, соның ішінде оқулары аяқталғаннан кейін оларға жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуге ден қоймақ.
Зульфия ИСКАЛИЕВА