Атырау, 26 желтоқсан 21:11
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Батысқа көмек келеді

2 564 просмотра

Атырауда «Ұлттық зияткерлік меншік институты»РМК-ның өңірлік филиалы ашылды.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне қарайды, елдің батыс аймағындағы төрт облысқа жетекшілік етеді және атына сәйкес жергілікті брендтерді қорғауға жұмыстанады.

- Өкінішке орай, Атырау облысының кәсіпкерлерінің, басқа өңірлердегі әріптестеріне қарағанда, өз тауар белгілерін тіркеу бойынша белсенділіктері төмен, - дейді филиал директоры Ғани НҰРМАҒАМБЕТОВ. Өнеркәсіптік үлгілер мен ойлап табылған бұйымдарға патент алуда да осындай жағдай орын алған. Атырауды өндірісі дамыған өңір деп айту қиын, өйткені дәстүрлі өтетін республикалық «Алтын сапа» тауарлар көрмесіне біздікілер көп қатыспайды. Алайда Ғани Нұрмағамбетовтың пікірінше, әңгіме өндіруші фирмалардың аздығында емес, өзіміздің қатып қалған ділімізде: «тауар белгілерімізді ұрлайтындай, біз кімге керекпіз?» - деген ойларын ортаға салды бизнесмендер. Алайда осы логотипті ойлап табуға қанша уақыттары мен ақшалары кеткенін есепке алмайды.

Осындай жұмыстардың белсенділігін арттыру үшін Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары үшін РМК-нің филиалдары ашылды. Енді тауар белгілері мен басқа да зияткерлік меншік түрлерін тіркеу үшін құжаттарды Астанаға жіберудің қажеті жоқ – тіркеуді батыс филиалының мамандары жүргізеді. Олар қандай құжат керек, сауалнаманы қалай толтыру керек және т.б. мәселелер жөнінде кеңес береді. Формальды сараптама немесе, мамандар тілімен айтқанда, алдын-ала іздестіру жүргізу үшін 11 334 теңге төлеу керек. Филиал мамандары осындай атау бұрынғы Кеңес одағы кеңістігінде бар ма, сіздің идеяңыз басқа адаммен патенттелген бе, бәрін анықтап береді. Толық сараптама (22 668 теңге) да осы сияқты – ол тек әлемдік масштабты қамтиды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.