Атырау, 27 шілде 04:56
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Автомобильшілер - майдангерлерге

1 650 просмотра

9 мамырда атыраулық «Drive2.ru» автоәуесқойларқоғамы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметінеакция өткізді.

Көліктер колоннасы АМУ ғимаратының алдындағы алаңнан бастап бүкіл қаланы айналып шықты. Бұл күні тіпті акция туралы ештеңе білмеген жүргізушілердің көпшілігі оларға қосылып, лекпен бірге өтіп шығуды ұйғарды.

Енді ше! «Жеңіс үшін аталарға рахмет!», «Сіздердің Жеңістеріңіз біздің жүрегімізде!» және т.б. ұрандармен безендірілген көліктердің легінің жанынан қалай өтіп кетсін. Содан соң акцияға қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

«Drive2.ru» қоғамының белсенді қатысушылары Максим ҚАПУОВ пен Антон ДЯТЛОВТЫҢ айтуынша, жігіттер бірнеше ардагерлерге барып, оларды Жеңіс күнімен құттықтап шығыпты.

Анастасия ПАСТУХОВА

16 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.