Мәскеуде Орталық барлау басқармасының тыңшысы ұсталды.
Мәліметтерге сәйкес, Райан Кристофер Ресейдегі АҚШ елшілігінде саясат бөлімінің үшінші хатшысы қызметін атқарған. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігі хабарлады. Ол кеше түнде Ресейдің арнайы қызмет бөлімінің маманын сатқындыққа итермелеп жатқан жерінде ұсталды. Тінту кезінде арнайы техникалық құрылғылар, түр-сипатын өзгертуге арналған заттар мен ақша табылды. Қазіргі таңда тыңшы АҚШ елшілігіне берілді. Бұл оқиғаға қатысты қандай шара қолданылатындығы қазірге беймәлім.
Дереккөз: 24.kz