Фото: vogue.ruАСТАНА, 14 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Атақты Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли қос кеудесінің сүт бездерін алдыртып тастау үшін күрделі операция жасатқанын өзі хабарлаған, деп жазады сейсенбіде New York Times газеті.
«Осынау қадамға сүт бездерінің обыры (87%), сондай-ақ аналық жыныс бездерінің обыры (50%) дертіне шалдығу қаупі себеп болды», - деді Джоли мақалада.
Қауіпті дерттің алдын алу үшін екі сүт безін алып тастау отасы осы жылдың сәуір айында өтті. Оның кеудесінен сүт бездері алынып, орнына имплантантар салған. Әртіс мұндай қадамға барғаны үшін өкінбейтіндігін жеткізді.
Ол сондай-ақ өзінің анасы 56 жасында дәл осы дерттен көз жұмғанын еске салды. Енді ол балаларын өзі өсіріп, тәрбиелеп, кәрілік бақытын сезінуге мол мүмкіндігі барына сенімді.
«Мен балаларыма қауіпті дерт салдарынан анасынан айырылып қалуы мүмкін деген ойдан қорықпаңдар деп айта аламын, - деді Голливуд жұлдызы. – Олар бар болғаны менің кеудемдегі отадан қалған тыртықтарды ғана көрулері мүмкін, одан басқа еш қорқыныш жоқ. Мен бұрынғысынша олардың сүйікті анасы болып қала беремін».
А.Джоли сондай-ақ осынау қиын сәттерде, үш айға созылған ем барысында сүйікті жары Брэд Питт әрдайым қасынан табылып, қамқор болғанын айтты. «Біз қуаныштан езу тартатын бірге өткізген бақытты сәттерімізді еске алдық», - деді актриса.
Дереккөз: newskaz.kz