Атырау, 4 қазан 08:27
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Жоғарғы Сот Жаңаөзен мұнайшыларының ісін қайта қарайтын болды

2 671 просмотра
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында 2011 жылғы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында жаппай тәртіпсіздік жасаған 14 сотталушының мүдделерін қорғаушы адвокаттардың өтінішіне байланысты, қылмыстық істі алдырту арқылы алдын ала сот отырысы өткізілді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, сотталған Т. Қалиевтің, Н. Асқарұлының, Б. Непестің, Ш. Уткиловтың, Ж. Бесмағамбетовтің, Т. Сақтағановтың, М. Әминовтің, М. Қосбармақовтың, Н. Жарылқасыновтың, Қ. Жүсіпбаевтың, М. Досмағамбетовтің, Қ. Әділовтың, С. Аспентаевтың, Р.Төлетаеваның қорғаушылары заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібінде қайта қарауды сұрап отыр. «Осыған орай, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі алдын ала қарап, оның нәтижесі бойынша шағымдалған сот актілерін қайта қарау үшін қадағалау өндірісін қозғау туралы және қадағалау сатысында қорғаушылардың талаптарын қарау жөнінде  шешім қабылдады», - делінген  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 2012 жылғы 4 маусымда Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша 16 айыпталушы 3 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айырылды, 5 адам рақымшылыққа ілікті, 3 адам ақталып шықты. Бұдан басқа, Роза Төлетаева 7 жылға бас бостандығынан айырылса, Мақсат Досмағамбетов, Нарын Жарылғасынов, Қанат Жүсіпбаев - 6 жылға, Шабдал Өткелов - 5 жылға, Таңатар Қалиев пен Талғат Сақтағанов - 4 жылға, Нұрлан Асқарұлы, Қайрат Еділов, Марат Әминов, Бауыржан Непес, Жарас Бесмағамбетов, Мұрат Қосбармақов 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Дереккөз: inform.kz

14 мамыр 2013, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.