Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Сирия көтерілісшілерінің әрекеті құқық қорғаушылардың жағасын ұстатты

1 576 просмотра

АСТАНА. 14 мамыр. Baq.kz – Ғаламторға сириялық көтерілісшілердің жүктеген бейнетаспасы ел билігі мен құқық қорғаушылардың жағасын ұстатып отыр. Бұл жайында BBC мәлімдеді. 

Бейнеде көтерілісшілердің командирі өліп жатқан сарбаздың кеудесінен жүрегін кесіп алып, аузына салып тістейді. Артынша ол Башар Асадтың әрбір жауынгерін осындай тағдыр күтіп тұр дегенді айтады.
Human Rights Watch деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы бұл сұмдыққа әскери қылмыс деген баға беріп, жауыздарды Халықаралық сот алдында жазаға тарту керек деп мәлімдеді.
Ал, сириялық оппозиция өкілдері болса аталған командирді жазалауға уәде беріп отыр. Би-би-си хабарлағандай, орын алған жайт елдегі оппозицияның беделін АҚШ пен Батыс елдері алдында бірден түсіріп жіберуі мүмкін.

Дереккөз: baq.kz

14 мамыр 2013, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.