Forbes журналының израильдiк нұсқасы миллиардерлердiң тiзiмiн түзген. Алайда бұл тiзiмге Израиль азаматы Александр Машкевич енбей қалыпты. Наурыз айында шыққан Forbes-тiң ағылшынтiлдi нұсқасы ENRC корпорациясы иелерiнiң бiрi А.Машкевичтi әлемдегi ең бай адамдардың тiзiмiне қосып, 704-орынға қойған болатын. Сондай-ақ осы журналда 2,1 миллиард доллар байлығы бар Машкевич ең бай израильдiктердiң тiзiмiнде 9-орынға тұрақтаған.
“Израильдiк басылымның Машкевичтi не себептi еврей деп танымағаны түсiнiксiз”, – дейдi Izrus порталы. Оның жағымсыз iстерi әшкереленiп жатқан соң, еврей қатарына қосуға намыстанса керек деген пiкiрлер бар.
14 мамыр 2013, 11:20
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.